Сауда-саттық ақпарат

Акциялар нарығындағы бөлшек инвесторлар арасында өтетін KASE конкурсы

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстандағы акциялардың биржалық сауда-саттығын дәріптеу мақсатында, бөлшек инвесторлар арасында конкурс өткізетіні туралы жариялайды. Конкурс 2014 жылдың 01 қазанынан 12 желтоқсанына дейінгі кезеңде өткізіледі.

Акциялар нарығындағы байқауға KASE қор нарығының мүшелерінің (брокерлердің) клиенттері болып табылатын, жеке тұлғалар қатыса алады. KASE және брокерлік компаниялардың қызметкерлеріне байқауға қатысуға тыйым салынған.

Байқаудың шарттарына сәйкес, байқау кезінде қатысушылар, KASE Индексінің өкілетті тізіміне енгізілген, акциялардың нақты сауда-саттығына қатысады. Байқау барысында қатысушы аталмыш акцияларды сатып алуға және/немесе сатуға кемінде екі мәміле жасасуы тиіс.

Акциялар нарығындағы байқаудың өту барысында жасалған мәмілелердің нәтижелері бойынша максималды кіріс алған үш қатысушы осы байқаудың жеңімпазы атанады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін, өз брокеріне өтінім жолдау арқылы, тіркелу қажет.

Өтінімдерді қабылдау 2014 жылдың 15 қыркүйегінен 08 желтоқсанына дейінгі аралықта жүргізіледі.

Бөлшек инвесторлар арасында байқау өткізу ережелері.

Байқау туралы толық ақпарат edu.kase.kz KASE ақпараттық-білім беру сайтында жарияланған.