Сауда-саттық ақпарат

Клиринг және есеп айырысулар

"Т+2" тәртібі

  1. Есептесу мәміле жасалғаннан кейін екі күннен кейін. Еуропалық капитал нарықтарының тенденциясы есеп айырысулар циклдарын Т+2 синхрондау.
  2. Сауда-саттыққа қатысушылар – қор санаты бойынша клирингілік қатысушы мәртебесі бар KASE мүшелері.
  3. Т+2 сызбасы Биржада айналысқа жіберілгендер арасындағы ең өтімді бағалы қағаздар ретінде және тәуекел-менеджменті көзқарасы бойынша ең тиімді болып саналатын, KASE индексінің акцияларынан бастап енгізіле бастады. Болашақта осы сызбаны Биржада айналыстағы басқа бағалы қағаздарға қатысты қолдану мүмкіншілігі қарастырылады.
  4. Сауда-саттыққа қатысушылардың активтері, соның ішінде ақшалары, "Орталық депозитарий" АҚ есептесу ұйымында сақталады (жеке шоттарды ашусыз – бірыңғай жайғасым).
  5. Сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдері маржамен қамтамасыз етіледі (сондай-ақ сатуға өтінімдер қағаздармен қамтамасыз етілуі мүмкін) және сауда-саттық жүйесімен автоматты түрде тексеріледі.
  6. Тәуекел-параметрлер (баға өзгеруінің шектелімдері және маржаның мөлшерлемелері) әр бағалы қағаздың волатильділігінен шыға отырып бағаланады, үш жылдық тарихи мәліметтерді және сенімнің 3-сигмасының деңгейін ескерумен тоқсан сайын есептеледі, есептесу бағалары алдыңғы сауда-саттық күнді ескерумен күнде есептеледі.
  7. Дефолт жағдайында төрт сатылы тәуекел-менеджменттің жүйесі қолданылады, ол дәрменсіз қатысушының маржалық жарналары, клирингілік кепілдік қорына жарналардан, KASE кепілдік қорының қаржыларынан және басқа қатысушыларды клирингілік кепілдік қорға жарналарынан тұрады.
  8. Кастодиан клиенттерінің активтерімен жасалған, мәмілелерді растау Т+1 сызбасымен алматылық уақытпен сағат 15:00-ге дейін жүзеге асырылады.
  9. Кастодиан клиенттерінің активтерімен жасалған мәмілелерден қалыптасқан, нетто-жайғасымдарды растау Т+2 күннің алматылық уақытпен сағат 17:20-ға дейін жүзеге асырылады.
  10. Клиринг күнде алматылық уақытпен сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін жүзеге асырылады, осыдан кейін клирингілік қатысушыларға нетто-жайғасымдар мен қамтулар бойынша есептер ұсынылады.
  11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айрықша мәртебеге ие – оған қатысты мәмілені алдын ала қамту және клирингілік кепілдік қорына жарналар төлеу бойынша талаптар қойылмайды.
  12. Несиелендіру механизмі ретінде қатысушылар РЕПО мәмілелерін жүзеге асыра алады, оларға неттинг қолданылады. Кейде қатысушыға өз жайғасымын келесі күнге ауыстыру немесе міндеттеме бойынша төлеу мүмкіндігі болмау жағдайлары болады. Осындай жағдайларда неттингпен РЕПО жасалған.
Т+2 сызбасы тұспалдайды:
  • активтің бір бөлігі ғана болса да мәмілелер жасасу ("иықпен" сауда-саттығы);
  • мәміле жасасқан күннен кейін екінші күні, жасалған мәміле нәтижесінде қалыптасқан, нетто-жайғасым бойынша есеп айырысу;
  • "жол үстінде" активті сату мүмкіндігі
  • есеп айырысқанға дейін екі күн барысында инвестициялық портфельді тиімдірек басқару мүмкіншілігі
Т+2 сызбасының осындай сипаттамаларының арқасында инвесторлар мен қатысушылар мынаған қолжеткізеді:
  • Максималды кіріс алу үшін түрлі инвестициялық стратегияларды қолдана отырып, нарықта белсенді сауда-саттық жүргу;
  • есептесулер сауда-саттық сессиясы аяқталғаннан кейін, күніне бір рет "таза" жайғасым бойынша жүзеге асырылатындықтан, активтерді есепке алу және есептен шығарумен байланысты операциялардың саны мен құнын үнемдеу;
  • Есеп айырысу сәтіне дейін екі күн барысында активтерін тиімдірек қолдану.
Осы артықшылықтар мәміленің өзіндік құнын азайтуға жеткізіп, инвестициялар көзқарасынан инвесторларға көбірек еркіндік береді. Басқа жақтан, Т+2 сызбасы бойынша сауда-саттық жүргізумен байланысты жоғары кірістілік мүмкіншілігі, белсенді басқаруды қажет ететін, жоғары тәуекелдерге әкеледі.
Әдеттегі нарықтық жағдайда да, жоғары волатильділік жағдайында да тәуекелдерді тиімді басқару үшін, KASE тәуекел-менеджменттің келесі элементтерін қолданады:
  • клирингілік қатысушыларжы қаржылық жағдайына мониторинг және KASE сауда-саттық жүйесін деңгейінде олардың құқықтарын басқару;
  • клирингілік қатысушының шоттарындағы бағалы қағаздар мен ақшалардың қалдығына мониторинг;
  • баға өзгеруінің шектелімдері;
  • Маржалық жарналар;
  • клирингілік кепілдік және сақтық қорлары;
  • маржин-коллдарды және дефолттарды басқару процедуралары.
Клирингілік кепілдік қорлар клирингілік қатысушылардың міндетті кепілдік жарналары есебінен қалыптастырылады. Клирингілік сақтық қор KASE меншікті қаржылары есебінен қалытастырылады (осы кезде 55 млн теңге).
Маржин-коллды орындау, осы маржин-колл пайда болған күннен кейінгі келесі күні алматылық уақытпен сағат 12:00-ге дейін мүмкін болады. Дефолтты реттеу бір күннен бес күнге дейін уақыт алуы мүмкін. Реттеудің әр күніне дәрменсіз қатысушыға залал шеккен тарапқа тұрақсыздық төлемін төлеу жүктеледі. Реттеу бөлу, жабу және ақырғы ақшалай есептесу процедураларын қолданумен іске асырылады. Осындай реттеу үшін қаржылар, дефолтқа жол берген, дәрменсіз қатысушылардың жарналарынан алынады. Сондай-ақ клирингілік кепілдік қорлардың қаржылары қолданылуы мүмкін.
Т+2 тәртібі деген не және Т+0 тәртібінен артықшылығы неде?
Т+2 тәртібінде қазақстандық қор нарығының қатысушылары, активтердің жартылай депозиттелгенін пайдаланып және мәміле жасалған күннен кейінгі екінші күні қалыптасқан міндеттемелер бойынша есе айырысып, бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндік қатысушылардың трназакциялық шығындарын азайтып қана қоймай, есеп айырысу күніне дейін бірнеше жұмыс күн байы активтерді жақсырақ басқаруға қол жеткізеді. Әдетте, дүние жүзінде Т+2 тәртібі есеп айырысудың стандартты циклы болып саналып, Бағалы қағаздар бойынша Халықаралық комиссиясының мәміленің жасалған күнінен бастап оның орындалуына дейінгі кезең үш күннен аспау бойынша талабына толық сәйкес келеді. Т+2 тәртібінің Т+0 тәртібінен артықшылығы, біріншіден, мәмілелер бойынша болашақтағы міндеттемелер, толық емес, жартылай қамтамасыз етілуі тиіс, екіншіден, біздің сауда-саттыққа қатысушылар үшін есеп айырысудың жаңа тәртібі шын мәнінде шетелдік қатысушылар мен олардың клиенттері үшін әдеттегі тәртіп болып табылады. Осыға байланысты Т+2 тәртібі, қазақстандық сауда-саттыққа қатысушылар есебінен белсенділіктің артуы, сондай-ақ сауда-саттыққа шетелдік қатысушыларды тарту есебінен, осы сызбамен саудаланатын, акциялардың өтімділігін арттырады.
Т+2 тәртібінде мәмілелер жасақанда қосымша шығындар пайда болады ма?
Жоқ, себебі комиссиялық алымдардың ағымдағы мөлшерлемесі жартысына азайтылып, ал, тиісті лицензия негізінде KASE көрсететін клирингілік қызметтері үшін алынатын клирингілік алымдар, сол мөлшерде болады (комиссиялық алымдардың ағымдағы мөлшерлемесінің жартысы), сондықтан сауда-саттыққа қатысушылар үшін жалпы биржалық алымдар ұлғаймайды.
Мәмілелер жасасқаннан кейін активтерді шығаруға болады ма?
Т-2 тәртібінде қызмет ететін, қор нарығында есеп айырысу ұйымы болып табылатын, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ тиісті шоттарында есепке алынатын, сауда-саттыққа қатысушылардың активтері (бағалы қағаздары мен ақшасы) жасалған мәмілелер бойынша қалыптасқан міндеттемелер бойынша төлеу үшін ғана емес, болшақта жасалатын мәмілелерді қамтамасыз ету үшін қолданылады. Осылайша қатысушылармен активтерді шығару мүмкіншілігі осы қатысушылардың шоттарында қажетті активтердің жеткіліктігіне байланысты болады. Жеке шоттағы активтердің жалпы сомасы (саны) мен мәмілелерді, соның ішінде болашақта жасалатын мәмілелерді, қамтамасыз етуге оқшауланған, активтердің сомасы (саны) арасындағы айырмасын ғана шығаруға болады. Кез келген жағдайда, Орталық депозитарийге қатысушымен берілген, актвитерді шоттан шығаруға сауалының әрқайсысы Биржаға активтердің жеткіліктігіне тексеруге жолданып, тексеру табысты өткеннен кейін ғана қатысушыға активтерді шығаруға рұқсат беріледі.
Жоспарлы жайғасым", "ағымдағы (ашылған) жайғасым" деген не?
Биржаның сауда-саттық жүйесінде, әр сауда-саттық шоттың бөлімінде өтінімдер беру және мәміле жасасу нәтижесінде қалыптасатын, жайғасымдардың есебі жүргізіледі, былайша айтқанда, сауда-саттыққа қатысушының сауда-сатық (ақшалай) шотында есепке алынатын, бағалы қағаздардың саны (ақша сомасы) болып табылады. Мұндай есепті сауда-саттық жүйесі автоматты түрде жүзеге асырады. Сауда-саттық жүйесіне берілетін өтінімдер жоспарлы жайғасымдарды, жасалған мәмілелер ағымдағы (ашылған) жайғасымды қалыптастырып, жоспарлы жайғасымның өзгеруіне ықпал етеді.
Есеп айырысулар қай уақытта жасалады? Активтерді жеткізу қалай жүзеге асырылады
Бағалы қағаздармен Т+2 тәртібінде жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды, Т+2 күні сауда-саттықтың жабылу уақытынан және клирингілік сессия өткізілгеннен кейін, Алматы уақытымен сағат 19.00-ге дейін Орталық депозитарий жүзеге аысрады. Сауда-саттыққа қатысушылары Т+2 күні Алматы уақытымен 17.20 дейінгі мерзімде активтерін есепке қосуы тиіс.
Активтердің толық жеткізілмеуі мүмкін бе, егер мүмкін болса бұл жағдайда қандай шаралар қолданылады?
Иә, мүмкін. Бұл ретте KASE қолданатын тәуекелдерді басқару және дефолтты реттеу механизмдері активтерді жеткізбеудің салдарын минимизациялауға бағытталған. Кез келген жағдайда, сонығң алдында міндеттемелер орындалмаған сауда-саттыққа қатысушысы күтілетін актвитерінің ақшалай баламасын алады, ол маржалық немесе кепілдік жарналар есебінен де, Биржаның дәрменсіз қатысушылардың міндеттемелерін жабу үшін арнайы құрылған сақтық қоры есебінен болуы да мүмкін.
Бағалы қағаздардың меншік иесі қалай ауысады?
Бағалы қағаздардың меншік иесін ауыстыру Т+2 күнінде жүзеге асырылған есеп айырысулар нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Т+2 сызбасы бойынша акция сатып алған тұлға дивиденд алуға қашан құқылы болады?
Мәміле жасалғаннан кейін екі күннен соң, акциялар оның шотына аударылғаннан кейін ғана құқылы болады. Басқа сөзбен айтқанда, қандай да бір атаудағы акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тиянақтау датасы акцияларды сатып алу мәмілесі жасалғаннан кейінгі екі күнге сәйкес келсе, акциялар шотқа аударылғанға дейін дивиденд алуға осы мәміледе сатушы болған тұлға құқылы болады.
Қандай бағалы қағаздармен Т+2 тәртібінде мәмілелер жасасуға болады?
KASE Индексінің өкәлетті тізіміне енгізілген акциялармен.
Қандай KASE сауда-саттық платформасы Т+2 тәртібін қолдайды?
KASE қолданыстағы сауда-саттық жүйесі. Осы кезде жаңа Т+2 сызбасын қолдау үшін оның түрлендірілуі жүргізілуде.
Комиссиялық және клирингілік алымдар қашан және қалай алынады?
Комиссиялық және клирингілік алымдар, Т+0 тәртібінде жасалған мәмілелер бойынша алынғандай, ай сайын, KASE тиісті тәртіпте ұсынған, шоттары негізінде алынады.
Т+2 тәртібінде және Т+0 тәртібінде жасалатын мәмілелер бойынша активтерді есепке алу үшін бөлек шоттардың бар болуы қажет пе?
Жоқ, активтер сауда-саттыққа қатысушысының бір шотында есепке алынады. Яғни, сауда-саттыққа қатысушысының Т+0 тәртібінде де, Т+2 тәртібінде де жасалған мәмілелерге қатысты активтерді есепке алу үшін бірегей жайғасымы болады.
Мерекелік және сауда-саттық емес (демалыс) күндеріне байланысты жағдайда Т+2 тәртібі қалай іске асырылады?
Т+2 есеп айырысу күні мәміле жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күн болып саналады. Мысалы, мәмілелер жұмыс күні жасалса, есеп айырысу күні келесі аптаның сейсенбісі болады. Бұл ретте егер дүйсенбі демалыс күні болса, есеп айырысу күні сейсенбіден сәрсенбіге ауыстырылады.
Т+2 тәртібінде берілетін, өтінімдерді немен қамтамасыз етуге болады?
KASE сауда-саттық жүйесіне берілген, бағалы қағаздармен кез келген өтінім, ең кемінде, өтінім берілген бағалы қағаз бойынша маржа мөлшерлемесін ескере отырып, бастапқы маржамен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте сатуға өтінім, осы өтінімде көрсетілген бағалы қағаздардың санынан шыға отырып, бағалы қағаздармен толық көлемде қамтамасыз етілуі мүмкін.
Неттингпен репо нарығындағы ашылу мәмілелерін жасасуға өтінімдер жартылай қамтамасыз етілген болуы мүмкін бе?
Жоқ болмайды. Неттингпен репо нарығындағы ашылу мәмілелерін жасасуға өтінімдердің барлығы толық қамтамасыз етілуі тиіс. Себебі ашылу мәмілелері бойынша есеп айырысулар осы мәмілелерді жасалған күнінде жүзеге асырылуы тиіс.
Екі тәртіп – Т+2 және Т+0 бір уақытта қатар қолданыста болатын, ауысу кезеңі қашан басталып қанша уақытта жүзеге асырылады?
Ауысу кезеңі кемінде 30 күнтізбелік күнге созылады. Ауысу кезеңінің басталуы туралы қосымша хабарланады.
Т+2 тәртібінде қандай айыппұлдар қолданыста болады?
Жасасқан мәмілелері бойынша өз міндеттемелерін орындамаған сауда-саттыққа қатысушысы, дәрменсіз деп мойындалып, жіберген дефолтын реттеу жүзеге асырылатын, әр бір күнді ескере отырып, орындалмаған міндеттемелерінің сомасынан 0,1 % құрайтын, өсімақы түріндегі тұрақсыздық төлемін төлеуге міндетті болады.
Т+2 күнінде міндеттемелерді жартылай орындау мүмкін бе?
Иә, мүмкін. Бұл ретте Т+2 күнінде орындалмаған міндеттемелердің бір бөлігі тұрақсыздық төлемдерін ескере отырып, дефолтты реттеу бойынша процедуралар шегінде болашақ күндері орындалады.
Т+2 тәртібінде қандай маржа мөлшерлемелері қолданылады?
Маржа бастапқы және қолдау маржасынан тұрады. Бастапқы маржаның мөлшерлемесі бағалы қағаздардың құбылмалылығына қарай орнатылады, демек, бағалы қағаздың құбылмалылығы төмен болған сайын осы бағалы қағаз бойынша мөлшерлеме де төмендейді. Қолдау маржасы бастапқы маржа бойынша міндеттемелерден 80 % құрайды. Бастапқы маржаның мәндері Биржаның ішкі тәуекел-параметрлерін есептеу әдістемесіне сәйкес орнатылып, сауда-саттық қатысушыларына сауда-саттық жүйесінде қолжетімді.
Бағалы қағаздармен несие беру мүмкіншілігі бар ма?
Бар. Т+2 сызбасы бойынша сауда-саттық бірге іске қосылатын, неттингпен репо нарығындағы репо операциялары сауда-саттыққа қатысушыларына есеп айырысуға қажетті активтерді қолайлы мөлшерлемелерменр тартуға, репо операциясының затына меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысуымен және осы мәмілелердің жасалу күніндегі (Т+0) ашылу мәмілелері бойынша есеп айырысуға көмектесуге арналған. Репо операцияларының ашылу және бадлу мәмілелерінің нәтижелері, Т+2 сызбасы бойынша жасалған, сауда-саттық мәмілелерінің нәтижелерімен қосып, жалпы неттингке кіргізіледі.
Т+2 тәртібінде берілетін өтінімдер бағалы қағаздармен қамтамасыз етіле алады ма? Қамтамасыз етілсе, қандай көлемде?
Қамтамасыз етіле алады, бірақ олар сатуға саудалау өтінімі немесе нетингпен репо нарығындағы репо операциясының ашылу мәмілесін жасасуға өтінім болуы тиіс. Екеуінде де қамтамасыз ету көлемі 100% құрайды.
Жайғасымды қамтамасыз ету бойынша талап нөлге тең болуы мүмкін бе?
Қамту максималды жоспарлы жайғасымнан, егер ол нөлге тең болмаса, абсолюттік көрсетілімде – сату немесе сатып алу бойынша маржалық алымның мөлшерлемесі бойынша есептеледі, яғни қамту да нөлге тең болмайды.
Маржалық жарналардың мөлшерлемелерінің қайта бағалауы жүзеге асырылады ма?
Иә. Бағалы қағаздар үшін маржалық жарналардың мөлшерлемелері, осы бағалы қағаздардың құбылмалылығын ескеріп, күніне бір рет сауда-саттық жүйесінде сауда-саттықтар басталар алдында есептеледі. Бағалы қағаздардың құбылмалығының өзгеруіне қарай маржалық алымдардың мөлшерлемелері қайта бағаланып, мөлшерлемелер жаңартылады.
Қамту мәмілелер бойынша есеп айырысу күнінде есепке алынады ма?
Иә, есепке алынады. Мысалы, егер маржалық жарна 10% құраса, қалыптасқан міндеттемелерді төлеу үшін есеп айырысу күнінде Орталық депозитарийде қалған 90% жеткізу қажет.
Т+2 есептесумен саудаланатын, қаржы құралдардың кодтары өзгереді ме?
Бір уақытта Т+2 және Т+0 тәртіптері қатар қолданыста болатын, ауысу кезеңінде Т+2 есептесумен саудаланатын, беймемлекеттік бағалы қағаздарға уақытша кодтар беріледі, мысалы "ABCD_T2".
Т+2 мәмілелері үшін қандай есеп айырысу моделі қолданылады?
DvP-3. DVP (Delivery versus payment) – бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулардың принципі, мұнда бағалы қағаздардың және ақшалардың қозғалысы қатар жүреді. DVP-3 моделі қолданғанда есеп айырысулар бағалы қағаздар мен ақшалар бойынша міндетті неттинг жасалады.
Т+2 тәртібін реттейтін ережелермен нақтырақ қай жерде танысса болады?
Т+2 сызбасы бойынша қор нарығында мәмілелер жасасу тәртібі /normative_base/por_t2.pdf мекен-жайында жарияланған.