Абай Бейсембаев бас директордың тасымалдау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды және "ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды

10.01.25 18:43
/KASE, 10.01.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы 10 қаңтар 2025 жыл "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары лауазымына Абай Бақытжанұлы Бейсембаев тағайындалды және "ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды. ... "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің қабылдаған шешімімен, "ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшелері жеті адам болып табылады: Арман Қасенов (Басқарма төрағасы), Темірхан Әбдіров, Абай Бейсембаев, Әміржан Оспанов, Алмас Оңғарсынов, Ғазиз Қошанов және Жайдарман Исақов. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_100125_kaz.pdf Орыс тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_100125_1.pdf Ағылшын тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_100125_eng.pdf [2025-01-10]