/KASE, 05.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
06 желтоқсанынан бастап "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы)
KZ2C00012482 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HSBKb22;
1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 03.12.24-03.12.27, қалқымалы жартыжылдық
купон; actual/365) "жасыл" облигациялармен KASE-де сауда-саттық
ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/HSBKb22/
[2024-12-05]