2024 жылдың 9 айында "ҚазТрансОйл" АҚ мұнай тасымалдау көлемі 4%- ға ұлғайды

18.10.24 11:58
/KASE, 18.10.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылдың 18 қазанындағы мынадай пресс-релиз ұсынды: дәйексөздің басы "ҚазТрансОйл" АҚ 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірістік қорытындыны шығарды. Есепті кезеңде "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен 33 млн 653 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2023 жылдың 9 айына қарағанда 1 млн 237 мың тоннаға артық. "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2023 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіші деңгейінде сақталып 13 млн 93 мың тоннаны құрады. дәйексөздің соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_181024_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_181024_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_181024_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-10-18]