KASE MOEX акционерлерінің құрамынан шыққандығы туралы хабарлайды

11.10.24 15:17
/KASE, 11.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Мәскеу биржасы" ЖАҚ (MOEX) KASE акционерлерінің құрамынан шыққандығы және 2018 жылдың 10 қазанында биржалар қол қойған Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге және онымен байланысты келісімдерге негізделген MOEX-пен өзара қарым-қатынастардың тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш негізінде KASE Директорлар кеңесінің құрамынан 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап MOEX өкілі – Владимир Крекотень шықты. Осы уақиғаға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-ресурсында жарияланды: - https://kase.kz/files/press/kz/11_10_2024_KASE_MOEX_1kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/11_10_2024_KASE_MOEX_1rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/en/11_10_2024_KASE_MOEX_1eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-10-11]