/KACC, 11.07.24/ – KASE клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен
2024 жылдың 15 шілдесінен бастап Ішінара қамтамасыз етумен жасалатын
мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін
қор нарығының қаржы құралдарының тізімінен (Т+ қамтамасыз ету тізімі)
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның KZ2C00008654 (KASE
негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TMJLb10) облигациялары шығарылады.
2024 жылдың 15 шілдесінен бастап аталған облигациялар GCGlobalSec
қатысудың клирингілік сертификатын (ҚКС) шығарудың General мүліктік
пулының құрамына қабылданатын қаржы құралдарының тізбесінен алынып
тасталатын болады.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
GCGlobalSec ҚКС мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы құралдарының
тізбесі мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/repo/
[2024-07-11]