Бүгін Қазақстан қор биржасында "Swiss Capital (Свисс Капитал)" АҚ KZ2P00011497 (MFSCb4) облигацияларына жазылым жүргізіледі

25.06.24 10:15
/KASE, 25.06.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде биржасында "Swiss Capital (Свисс Капитал)" АҚ (Астана) KZ2P00011497 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFSCb4) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. ----------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигации ISIN: KZ2P00011497 KASE сауда-саттық коды: MFSCb4 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: - тіркелген: 5 000 000 000 - орналастырылған (номиналы бойынша): – Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу күні Айналыстың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеуді бастау күні: кейінірек анықталады Айналыс мерзімі: 2 жыл Купон мөлшерлемесі: облигацияларды орналастыру бойынша бірінші жүзеге асқан сауда-саттықтың нәтижелері бойынша анықталады кейінірек анықталады Купондарды төлеу мерзімділігі: айына 1 рет Купондарды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады Уақыттық база: 30 / 360 ------------------------------------- --------------------------------------- Жазылым өткізу күні: 25.06.24 Орналастырудың номиналды көлемі, 2 000 000 000 теңге: Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:30–14:30 Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 25.06.24, 15:30 Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен 25.06.24, 16:00 уақыты: ----------------------------------------------------------------------------- Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСНы немесе заңды тұлғаның БСНы. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/MFSCb4 сілтемесі бойынша жарияланған. [2024-06-25]