/KASE, 18.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 18 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің
"Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына жергілікті атқарушы органдардың
келесі облигациялары енгізілді:
1) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000887
(1 000 теңге, 18 509 365 000,00 теңге; 9,8 жыл; жылдық купон, жылдық
0,02 %; 30/360) облигациялары, сауда-саттық коды – DZK117_088;
2) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000929
(1 000 теңге, 20 729 051 000 теңге; 9,8 жыл; жылдық купон, жылдық
0,02 %; 30/360) облигациялары, сауда-саттық коды – KOK117_092;
3) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000978 (1 000
теңге, 11 926 798 000,00 теңге; 9,8 жыл; жылдық купон, жылдық 0,02 %;
30/360) облигациялары, сауда-саттық коды – AIK117_097;
4) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының
KZMF00000986 (1 000 теңге, 8 198 010 000 теңге; 9,8 жыл; жылдық
купон, жылдық 0,02 %; 30/360) облигациялары, сауда-саттық коды –
ZKK117_098;
5) Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының
KZMF00000994 (1 000 теңге, 8 611 235 000,00 теңге; 9,8 жыл; жылдық
купон, жылдық 0,02 %; 30/360) облигациялары, сауда-саттық коды –
VKK117_099;
6) Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00001000
(1 000 теңге, 18 820 710 000 теңге; 9,8 жыл; жылдық купон, жылдық
0,02 %; 30/360) облигациялары, сауда-саттық коды – TKK117_100.
Аталған облигациялар жергілікті атқарушы органдардың кезекте
тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрғын үйді сатып алу
мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/gsecs/
[2024-06-18]