/KASE, 23.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 22 сәуірінде "BASS Gold" ЖШС
(Ұлытау облысы) KZ2P00011141 (FPSTb4; $100, $10,0 млн; 2 жыл;
жартыжылдық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми
тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы
шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 23 сәуірінен бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/FPSTb4/
[2024-04-23]