09 сәуірден бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011067 (MFRFb12) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізіледі

08.04.24 17:28
/KASE, 08.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2024 жылдың 05 сәуірінде "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00011067 (MFRFb12; 1 000 теңге, 6,0 млрд теңге; 1,5 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 21,00 %, 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 09 сәуірінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFRFb12/ [2024-04-08]