02 сәуірден бастап 48 атаудағы қаржы құралдары GCGlobalSec ҚКС мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы құралдарының тізбесінен алынып тасталады

29.03.24 16:35
/KACC, 29.03.24/ – KASE клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 02 сәуірінен бастап GCGlobalSec қатысудың клирингілік сертификаты (ҚКС) шығарылымының General мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы құралдарының тізбесінен қор нарығының 48 атауы: екі атаудағы туынды бағалы қағаздар, инвестициялық қордың бағалы қағаздары, тоғыз атаудағы акциялар және "KASE Global" секторының шетелдік эмитенттері акцияларының 36 атауы шығарылады. GCGlobalSec ҚКС мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы құралдарының жаңартылған тізбесі 2024 жылдың 02 сәуірінде келесі сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/kz/repo/ [2024-03-29]