/KASE, 19.01.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың
19 қаңтарындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылғы өндірістік қорытындыларын шығарды. Есепті
кезеңде мұнай тасымалдау және тауар айналымы бойынша жоспарланған
көрсеткіштерге қол жеткізілді.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша бөлек
мұнай тасымалдау көлемі 44 млн 188 мың тонна мұнайды құрады. Бұл 2022
жылмен салыстырғанда 3 млн 532 мың тоннаға артық.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша Қазақстан
Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі
17 млн 426 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда 479 мың тоннаға аз. "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС
5 миллион 408 мың тонна мұнай, "ПетроКазақстан Ойл Продактс" ЖШС –
5 миллион 729 мың тонна мұнай, "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС –
5 миллион 436 мың тонна мұнай, "CASPI BITUM" БК ЖШС – 853 мың тонна
мұнай жеткізілді.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_190124_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_190124.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_190124_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-01-19]