14 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010242 (MFAFb5) облигацияларымен сауда- саттық ашылады

13.11.23 16:05
/KASE, 13.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 14 қарашасындан бастап "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010242 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb5; $100, $4,0; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда- саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "тезе емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFAFb5/ [2023-11-13]