/KASE, 03.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
02 қарашасында "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-
саттығының екінші кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі 16 208,0 млн
теңгені құрады. Мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 704,7 млн теңгені
құрады.
Бір қатысушы жасаған мәмілелердің максималды саны мен максималды
көлемі тиісінше 1 525 мәмілені және 2 834,8 млн теңгені құрады.
Төменде 2023 жылдың 02 қазанынан 02 қарашасына дейінгі кезеңде қаржы
құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат
берілген.
--------------------------------
Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі,
коды саны млн теңге
------------ --------- ---------
KZAP 1 903 3 322,7
HSBK 1 746 2 524,4
KZTO 1 375 2 012,0
FHJIds 1 153 1 951,4
KZTK 1 053 1 457,6
KSPI 1 152 1 269,0
CCBN 842 1 213,6
KEGC 842 891,3
ASBN 750 764,1
KCEL 626 665,1
BAST 155 47,4
IE_FXBF 170 38,1
RAHT 137 23,6
BSUL 184 18,6
KMGD 140 9,1
------------ --------- ---------
Барлығы 12 228 16 208,0
--------------------------------
"Биржалық симулытор" жобасына қатысу үшін 6000-нан астам қатысушы
тіркелді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық
сауаттылығын арттыру болып табылады.
"Биржалық симулытор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме
бойынша қолжетімді
https://kase.kz/ru/events/show/2023/KASE_simulator_2023/
[2023-11-03]