31 қазан күні Қазақстан қор биржасында "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00010192 (CLSGb3) облигацияларына жазылу жүргізіледі

30.10.23 18:15
/KASE, 30.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2023 жылдың 31 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС (Алматы) KZ2P00010192 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, CLSGb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 300 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 31 қазанында сағат 10:30-ден 14:30-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 31 қазаны; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 31 қазаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 31 қазаны, Астана қаласы уақытымен 15:30. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/CLSGb3/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-10-30]