/KASE, 31.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік
комиссиясының 2023 жылдың 31 тамызындағы шешімімен KASE ресми
тізімінен "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ (Алматы) KZ1C00001502 (KASE
баламалы алаңы, "акциялар" секторы, IDFC) жай акциялары алынып
тасталды.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 31 тамызынан бастап
күшіне енеді.
Бұл шешім "Fincraft "Инвестициялық үйі" АҚ-ның KASE ресми тізімінен
көрсетілген акциялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде
қабылданды.
Аталған акциялар 2018 жылдың 29 қаңтарынан бастап баламалы алаңның
"акциялар" секторындағы KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-
саттық 2018 жылдың 05 ақпанынан бастап ашылды.
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE-тің 2023 жылдың 22 тамызындағы
"Fincraft "Инвестициялық үйі" АҚ акционерлері акционерлік қоғамды
жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналдыру туралы шешім қабылдады"
тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1507267/
[2023-08-31]