"Fincraft "Инвестициялық үйі" АҚ акционерлері акционерлік қоғамды жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналдыру туралы шешім қабылдады

22.08.23 14:42
/KASE, 22.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft "Инвестициялық үйі" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 15 тамызында өткен акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде акционерлік қоғамды жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналдыру туралы шешім қабылдады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/IDFC/idfc_special_shareholders_meeting_results_150823_477.PDF [2023-08-22]