Бүгін Қазақстан қор биржасында "Home Credit Bank" АҚ 6,0 млн KZ2C00009918 (HCBNb10) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

11.08.23 09:08
/KASE, 11.08.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Home Credit Bank" АҚ (Алматы) KZ2C00009918 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HCBNb10) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақытымен) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ------------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00009918 KASE сауда-саттық коды: HCBNb10 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 20 000 000 000 – орналастырылған: 3 000 000 000 Айналыстың басталу күні: 31.07.23 Айналыстың соңғы күні 30.07.26 Өтеудің алғашқы күні 31.07.26 Айналыста болу мерзімі: 3 жыл (1 080 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 16,50 % Купонды төлеу мерзімділігі айналыс мерімінің соңында жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні: 31 қаңтарда және 31 шілдеде жыл сайын Уақыттық базасы: 30 / 360 ---------------------------------------------- -------------------------------- Сауда-саттық күні: 11.08.23 Өтеуге дейін мерзімі: 3,0 жыл (1 070 күн) Жарияланған орналастыру көлемі 6 000 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" баға Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:00 Кесім уақыты: 14:30 (Т+0) Төлем уақыты: 11.08.23, 14:30 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе одан төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі қарсылама өтінімдерді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қабылдау уақыты бойынша Сауда-саттық бастамашысы "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ ------------------------------------------------------------------------------- Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз етуі тиіс. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі сілтеме бойынша мына жарияланды https://kase.kz/ru/membership Сауда-клирингілік жүйелерде Сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/HCBNb10/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-08-11]