03 тамыздан бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00009947 (MFSCb3) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

03.08.23 17:52
/KASE, 03.08.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 03 тамызында "Swiss Capital (Свисс Капитал) "МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00009947 (MFSCb3; $100, $10,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялардың баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 03 тамызынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFSCb3/ [2023-08-03]