17 шілдеде Қазақстан қор биржасында "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00009769 (MFOKb11) әлеуметтік облигацияларына жазылу жүргізіледі

14.07.23 16:55
/KASE, 14.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2023 жылдың 17 шілдесінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) оларға жазылу арқылы KZ2C00009769 әлеуметтік облигацияларын бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFOKb11; 1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 02.06.23 – 02.06.25; қалқымалы ай сайынғы купон, жылдық 21,11 % ағымдағы купондық кезең; 30/360). Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 1 000 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 17 шілдесінде Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылғы 17 шілде; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін биржаға беру күні – 2023 жылғы 17 шілде; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылғы 17 шілде, Астана қаласының уақытымен 15:30-да. Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор"санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/ru/membership Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb11/ [2023-07-14]