/KASE, 04.07.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 03 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесінде
былай хабарлады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (ҚМГ, Компания) өзінің 2022 жылғы
жылдық есебінің esef (European Single Electronic Format немесе
жалпыеуропалық электрондық қаржылық есептілік стандарты) форматында
жарияланғаны туралы төмендегі сілтеме бойынша өз сайтында хабарлайды:
https://www.kmg.kz/en/investors/reporting/
Бұл форматты еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар басқармасы
(European Securities and Markets Authority, ESMA) ашықтық туралы Еуропалық
директиваны іске асыру үшін әзірледі. ESEF талаптары Еуропалық Одақ пен
Ұлыбританияның реттелетін нарықтарында ашық сауда-саттыққа жіберілген
және жыл сайынғы қаржылық есептілікті ұсыну міндеті бар бағалы қағаздар
эмитенттеріне қолданылады. Жаңа формат арнайы ақпараттық жүйелерге
қаржылық есептілікті және ондағы компаниялардың мәліметтерін автоматты
түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Цифрлық есеп беру ақпараттық ашықтықты
арттырады және компанияларды реттеушілерді, инвесторларды және
талдаушыларды қоса алғанда, стейкхолдерлердің (мүдделі тараптардың) кең
ауқымы үшін қолжетімді, талданатын және салыстыруға болады. Бұл есеп
беру ақпаратын тез және сенімді таратуға және қателерді азайтуға ықпал
етеді..
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_030723_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_030723.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_030723_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-07-04]