21 маусым күні Қазақстан қор биржасында "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00009769 (MFOKb11) әлеуметтік облигацияларына жазылым жүргізіледі

20.06.23 10:23
/KASE, 20.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 21 маусымында KASE сауда-саттық жүйесінде "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00009769 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFOKb11; 1 000 теңге, 20,0 млрд; 02.06.23 – 02.06.25; ай сайынғы купон; жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 1 200 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 21 маусымында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін Сатушыға беру күні – 2023 жылдың 21 маусымы; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 21 маусымы; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 21 маусымы, Астана қ. уақытымен 15:30-да. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор"санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде келесі мәліметтер беріледі: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН. Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb11/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-06-20]