04 сәуірінен бастап Қазақстан қор биржасында "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ KZ2C00009462 (KFUSb54) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

04.04.23 11:15
/KASE, 04.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 04 сәуірінен бастап "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00009462 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты; KFUSb54; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 31.03.23-31.03.26; өзгермелі жарты жылдық купон, 1,95 % + TONIA compounded; actual/365) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/KFUSb54/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-04-04]