/KASE, 22.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
23 қыркүйегінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан орнықтылық
қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00008902 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"
санаты, KFUSb44) облигацияларын орналастыру бойынша төменде
берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық
өткізілетіні туралы хабарлайды (Астана қ. уақытымен).
---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00008902
KASE сауда-саттық коды: KFUSb44
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 40 000 000 000
– орналастырылған: –
Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру
бойынша бірінші жүзеге асқан
сауда-саттықты өткізу күні
Айналыстың соңғы күні кейінірек анықталады
Өтеудің алғашқы күні кейінірек анықталады
Айналыста болу мерзімі: 3 жыл (1 800 күн)
Купон мөлшерлемесі құбылмалы маржа (TONIA
Compounded + тиянақталған
маржа), облигацияларды
орналастыру бойынша алғашқы
жүзеге асқан сауда-саттықты
өткізу нәтижелері бойынша
анықталады
Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет
Купонды төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады
Уақыттық базасы: actual/365
---------------------------------------------- ----------------------------
Сауда-саттық күні: 23.09.22
Жарияланған орналастыру көлемі 10 000 000 000
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: тиянақталған маржаның
мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:30
Кесім уақыты: 13:00 (Т+0)
Төлем уақыты: 23.09.22, 13:00
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу
бағасына тең немесе
төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бойынша
Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі қайшылама өтінімдерді
өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қабылдау уақыты
бойынша
Сауда-саттық бастамашысы "Tengri Partners Investment
Banking (Kazakhstan)" АҚ
---------------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
жылдық пайызбен тиянақталған маржа мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі
тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне
тең немесе еселенген болуы тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны
данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың
мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс.
Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және
бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі тиіс
Мәміленің көлемі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield_new_kz.pdf
сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және
облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің
4 тарауына сәйкес есептеледі.
Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз
ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар
депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз
етуі тиіс.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді KASE қор нарығының мүшелері ғана
бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере
алады, KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы
қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+_kz.pdf сілтемесі
бойынша танысуға болады.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/KFUSb44/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2022-09-22]