14 шілдеден бастап "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00008654 (TMJLb10) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

15.07.22 10:09
/KASE, 15.05.22/– Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 13 шілдесінде ""Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00008654 (TMJLb10; 1 000 теңге, 150,0 млрд теңге; жылжымалы жартыжылдық купон, – TONIA Compounded + тұрақты маржа, маржаның мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; actual/365) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссиясының осы шешімі 2022 жылдың 14 шілдесінен бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/bonds/show/TMJLb10/ [2022-07-15]