14 маусымнан бастап Украина Қаржы министрлігінің XS2010033343 (UA_02_3001) халықаралық облигациялары Қазақстан қор биржасында "Листингілік емес бағалы қағаздар"секторында айналысқа жіберілді

14.06.22 13:01
/KASE, 14.06.22/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен 2022 жылдың 14 маусымынан бастап Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен Украина Қаржы министрлігінің XS2010033343 (UA_02_3001; 1 250 млн еуро; 27.01.20 – 27.01.30; жылдық купон, жылдық 4,375%; actual/actual) халықаралық облигациялары KASE секторында айналымға жіберілді. Аталған облигациялардың "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында сауда-саттығы 2022 жылғы 17 маусымнан бастап ашылады. 2022 жылдың 13 маусымына дейін аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында болды. Аталған облигацияларды KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторынан шығару және "листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналымға жіберу аталған облигацияларды KASE ресми тізіміне қосудың бастамашысы болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ бастамасымен жүзеге асырылды. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/gsecs/show/UA_02_3001/ [2022-06-14]