/KASE, 24.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың
27 желтоқсанынан бастап Еуропа қайта құру және даму банкінің
XS2404974508 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, EBRDe14; 12,5 млрд теңге; 11.11.21-11.11.24; TONIA + 0% күрделі
пайыздық мөлшерлемесіне тең құбылмалы тоқсандық купон; actual/365)
халықаралық облигацияларының сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасынадейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe14/ сілтемесі
бойынша жарияланды.
[2021-12-24]