23 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00008332 (BTRKb8) облигацияларының сауда-саттығы ашылды

23.12.21 16:00
/KASE, 23.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 23 желтоқсанынан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" А (Нұр-Сұлтан) KZ2C00008332 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb8; 1 000 теңге, 55,0 млрд теңге; 21.12.21-21.12.31; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигацияларының KASE сауда-саттығы ашылғанын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/ru/bonds/show/BTRKb8/ [2021-12-23]