20 желтоқсаннан бастап "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00008332 (BTRKb8) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

20.12.21 18:14
/KASE, 20.12.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2021 жылдың 20 желтоқсанында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00008332 (BTRKb8; 1 000 теңге, 55,0 млрд теңге; 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) облигацияларын негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімі 2021 жылдың 20 желтоқсанынан бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/bonds/show/BTRKb8/ [2021-12-20]