18 маусымнан бастап KASE "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00007391 (IDFRb3) облигацияларының сауда-саттықтары ашылады

10.06.21 18:03
/KASE, 10.06.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 18 мусымынан бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00007391 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, IDFRb3; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 19.03.21 – 19.03.31; жартыжылдық купон, жылдық 11,50 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылады. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға белгілеулерінің дәлдігі, номиналдан пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін деп белгіленген. Баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/bonds/show/IDFRb3/ мекен-жайы бойынша жарияланған. [2021-06-10]