"Кселл" АҚ 2020 жылдың қорытындысы бойынша болжамды дивиденд көлемі туралы хабарлады

13.04.21 10:54
/KASE, 13.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына 2021 жылдың 12 сәуіріндегі ақпараттық хабарламасын ұсынды. ... Қазақстандағы телекоммуникациялық нарықтағы көшбасшы операторы болып табылатын "Кселл" АҚ (әрі қарай "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Компанияның Директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысына 2020 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған таза табысынан 100% көлемінде, яғни 17 578 млн. теңге, немесе бір жай акцияға немесе жахандық депозитарлық жазылымға (ЖДҚ) 87,89 теңге құрайтын жылдық дивиденд төлеуді ұсынғаны туралы хабарлады. Дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізілімінің жабылу күні, – АЖЖЖ өткізген соң бірінші жұмыс күні (00:00 Алматы уақытымен). Дивиденд төлеуді бастаудың болжалды күні – 2020 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізілімін бекіткеннен кейінгі бірінші жұмыс күні. ... Аталмыш ақпарат: - https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_120421_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_120421_eng_1.pdf – ағылшын тілінде. [2021-04-13]