"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Түркістан облысындағы "Караван-Сарай" туристік кешенінің құрылысын қаржыландырды

28.12.20 16:02
/KASE, 28.12.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" (Нұр-Сұлтан) Биржаға жолдаған 2020 жылдың 28 желтоқсанындағы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасын ұсынды: цитата басы Келесі жылы Түркістан облысында құрылысы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) қаржыландырған «Керуен-Сарай» көпфункционалды жаңа туристік кешені салынады. Жобаның жалпы құны – 87 млрд теңге, бұл ретте ҚДБ қарызының көлемі 20 жыл мерзімге 40 млрд теңгені, ал қарыз алушының меншікті қатысу үлесі - 47 млрд теңгені құрады. Банктің қаржы қаражаты жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарына бағытталған. Мәміле Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылға дейінгі Кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды . Биыл туризм саласы бүкіл әлемде пандемияның теріс ықпалына ұшырағанына қарамастан, Қазақстанның ішкі және сыртқы туризмді дамыту бойынша үлкен әлеуеті, сондай-ақ әлемдік қоғамдастыққа бай табиғи әлем ұсыну мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, Түркістан қаласы Ұлы Жібек жолының дәл ортасында орналасқан және бай тарихы мен экономикалық даму әлеуеті бар түркі әлемінің рухани астанасы болып табылады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_281220_1.pdf [2020-12-28]