KASE 2020 жылдың үшінші тоқсанындағы және тоғыз айындағы жұмыс нәтижелеріне арналған, онлайн баспасөз конференциясын өткізді

14.10.20 16:37
/KASE, 14.10.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) хабарлайды: бүгін бұқаралық ақпарат құралдары үшін, биржалық нарықтың 2020 жылдың 14 қазанында 2020 жылдың үшінші тоқсанындағы және тоғыз айындағы жұмысының негізгі қорытындыларына арналған, онлайн баспасөз конференциясын өткізді. KASE сауда-саттықтарының жиынтық көлемі 2020 жылдың үшінші тоқсанында 85,6 трлн теңгені құрады, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 % немесе 4,8 млрд теңгеге төмендеді. Биржаның негізгі жобалары мен іс-шаралары туралы ақпараты бар, бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталары нарығының, ақша нарығының (репо операциялары және валюталық своп) және деривативтердің көрсеткіштерін мазмұндайтын, KASE жұмысы туралы толығырақ ақпарат Биржаның баспасөз мәлімдемесінде беріліп, KASE интернет-сайтында жарияланған – https://kase.kz/files/press/ru/14_10_2020_Itogi_KASE_3q_9m_2020_rus.pdf [2020-10-14]