/KASE, 15.06.20/ – Қазақстан қор биржасының нарықтық тәуекел комитеті
(KASE) KASE Басқармасының "Қаржы құралдарының тәуекел
параметрлерін есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес Т+2
сызбасы бойынша саудаланатын акциялар бойынша лимит және
мөлшерлеме концентрациясы мәні, сондай-ақ келесі акциялар бойынша
2020 жылдың 15 маусымынан 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін жарамды
репо операциялар нарығында мөлшерлеме мәніне тең дисконттардың
мөлшерлемесін белгіледі:
--------------------------------------------------------------
№ р/с Акцияның коды ISIN Шоғырлану Шоғырлану
шектелімі, шт мөлшерлемесі, %
----- ------------- ------------ ------------- ---------------
1 GB_KZMS GB00B0HZPV38 1 798 203 36
2 HSBK KZ000A0LE0S4 304 841 34
3 KCEL KZ1C00000876 50 555 15
4 CCBN KZ0007786572 32 971 16
5 KEGC KZ1C00000959 11 120 8
6 KZAP KZ1C00001619 86 345 21
7 KZTK KZ0009093241 613 17
8 KZTO KZ1C00000744 17 872 16
9 US_FRHC US3563901046 5 000 57
--------------------------------------------------------------
Аталмыш шоғырлану шектелімдері мен мөлшерлемелері қор нарығындағы
бірыңғай шектелімді, неттингпен репо операциялары қоса есептеу үшін
шоғырлану мөлшерлемесін пайдалану мақсатында, сондай-ақ акциялар
бойынша қатысушылардың қандай да бір атауы аталмыш атаудың бағалы
қағаздары үшін белгіленген сауда-саттық күнінің басындағы шоғырлану
шектелімінен асқан жағдайда, тікелей репо операциялары немесе
автоматты репо операцияларының ашу бағасын есептеу үшін акциялардың
нарықтық бағасына дисконттауды пайдалану мақсатында есептелген.
KASE клирингілік қызметті жүзеге асыратын мәмілелер бойынша қор
нарығының құралдары бойынша тәуекел-параметрлерінің мәні
http://kase.kz/ru/shares/ мекен-жайында орналасқан.
Репо операцияларын жүзеге асыру ережесі
https://kase.kz/files/normative_base/repo_new.pdf мекен-жайында
жарияланған.
Автоматты репо нарығының маманданымы
https://kase.kz/files/normative_base/sp_repo_new.pdf мекен-жайында
жарияланған.
[2020-06-15]