KASE Клиринг орталығы мен "ЕСЖ" Тауар биржасы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

04.04.24 10:31
/KASE, 04.04.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 100 % еншілес ұйымы болып табылатын KASE Клиринг орталығы (бұдан әрі – KACC) және "Еуразиялық Сауда Жүйесі" тауар биржасы" АҚ (бұдан әрі – ЕСЖ Биржасы) өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Меморандумға қол қоюдың мақсаты есеп айырысу-клирингілік сервис қызметтерінің кассаларын ұсыну мүмкіндіктерін анықтау және ЕСЖ Биржасының мерзімдік нарықтарын және "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында ЕСЖ Тобы құратын көпжақты сауда-саттық алаңын қоса алғанда, тауарлық деривативтер нарығына қызмет көрсету үшін бірыңғай клирингілік орталықтың функцияларын жүзеге асыру болып табылады. Аталған құжат шеңберінде KACC және ЕСЖ Биржасы ақпарат алмасуға және мерзімді тауар нарығының инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ ұзақ мерзімді бірлескен әріптестікке жәрдемдесуге уағдаласты. Осы уақиғаға арналған баспасөз мәлімдемесі KACC интернет-ресурсында орналастырылған: - https://kase.kz/files/press/kz/04_04_2024_KACC_CE_memo_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/04_04_2024_KACC_CE_memo_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/en/04_04_2024_KACC_CE_memo_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-04]