Қазақстан Қаржы министрлігі 19 наурызда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) өтеуге кірістілігі жылдық 11,44 %-бен орналастыра отырып, 24,8 млрд теңге тартты

26.03.24 18:03
/KASE, 26.03.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 19 наурызында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 26 ақпанында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 24 834 938 803,6 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 19 наурызда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) өтеуге кірістілігі жылдық 11,44 %-бен орналастыра отырып, 26,2 млрд теңге тартты" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/news/show/1517850/ [2024-03-26]