"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ мұнай өңдеу зауыттарының 2023 жылдағы қызметін қорытындылап, 2024 жылға арналған жоспарларын белгіледі

29.01.24 10:21
/KASE, 29.01.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 26 қаңтарындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Павлодарға жұмыс сапары барысында ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарының 2023 жылғы жұмысын қорытындылап, 2024 жылға арналған жоспар бойынша жиын өткізді. "ПМХЗ", "АМӨЗ", "ПетроҚазақстанОйлПродактс" және "CaspiBitum" ЖШС бас директорлары өздері басқарып отырған кәсіпорындардың былтырғы өндірістік және қаржылық нәтижелерін баяндады. ҚМГ мұнай өңдеу зауыттары 2023 жылы өндірістік жоспарды тиімді орындағаны атап өтілді. Ашық түсті мұнай өнімдері рекордтық 72,2% көрсеткіште шығарылды және өңдеу тереңдігі 85,5%-ға жетті. 2022 жылмен салыстырғанда АИ 92 бензинінің өндірісі 5%-ға, АИ 95/98 – 17%-ға, сұйытылған мұнай газының өндірісі 8%-ға артты. Зауыттарда жүргізілген жүйелі жұмыстың арқасында елімізде көп жылдан бері алғаш рет ішкі жанар- жағармай нарығының тұрақтылығы қамтамасыз етілді. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесініңғ толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_260124_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_260124.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_260124_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-01-29]