14 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13) облигацияларымен сауда-саттық ашылды

14.07.23 10:06
/KASE, 14.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 14 шілдесінен бастап KASE-де "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KZ2C00009843 облигацияларының сауда-саттығы ашылғанын хабарлайды (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb13; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 12.07.23-12.07.30; жартыжылдық купон, жылдық 19,25%; 30/360). KASE сауда жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "лас" бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/KAFIb13/ [2023-07-14]