30 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында ICD Eagle Limited XS2624614751 (ICD_e1) сенім сертификаттарымен сауда-саттық ашылады

29.06.23 19:25
/KASE, 29.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 30 маусымынан бастап ICD Eagle limited жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының кепілдігімен (сенім сертификаттарының тиісті сериясы портфелі шеңберінде туындайтын төлем міндеттемелеріне қатысты) шығарылған XS2624614751 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ICD_e1; 2,0 млрд теңге; 21.06.23-21.06.28, жартыжылдық төлемдер, жылдық 14,95% мерзімді төлемдер ставкасы; 30/360) сенім сертификаттарымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайд. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген сенім сертификаттарының баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген сенім сертификатының "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған сенім сертификаттарының шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/ICD_e1/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-06-29]