05 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "KEGOC" АҚ KZ2C00007797 (KEGCB4) "жасыл"облигацияларымен сауда-саттық ашылады

05.04.23 11:20
/KASE, 05.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 05 сәуірінен бастап "KEGOC" АҚ (Астана) KZ2C00007797 "жасыл" (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KEGCb4; 1 000 теңге, 35,0 млрд теңге; 21.12.22-21.12.37; өзгермелі жарты жылдық купон, 3,00 % + TONIA compounded; actual/365) облигациялармен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/KEGCb4/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-04-05]