АНОНС: 21 ҚАРАШАДА ҚАРАҒАНДЫ ЖӘНЕ ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛАРЫНДА "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АКЦИЯЛАРДЫ САТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БӨЛШЕК САУДА ИНВЕСТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ӨТЕДІ

20.11.14, 11:11
/KASE, 20.11.2014/ – "KEGOC" АҚ (одан әрі – "Компания") "Халықтық ІРО" бағдарламасы аясында (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (Астана, тақырыптамада – "KEGOC" АҚ) 2014 жылдың 21 қарашасында сағат 11.00-де төмендегі қалаларда "KEGOC" АҚ таныстырылымы өтеді деп хабарлайды. - Қарағанды қаласы, "Достар Алем" қонақ үйінің мәжіліс залында, мекен-жайы СТроительная көшесі,28; - Теміртау қаласында, Республика 36 көшесінде орналасқан балалар мен жасөспірімдер театрында. [2014-11-20]