"KEGOC" АҚ KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) жай акциялары 03 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді

03.11.14, 18:06
/KASE, 03.11.14/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 03 қарашасындағы шешімімен "KEGOC" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) (Астана, одан әрі – "KEGOC" АҚ) KZ1C34930012 (ISIN – KZ1C00000959) жай акциялары KASE ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді Листингілік комиссияның осы шешімі 2014 жылдың 02 қазанынан бастап эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1-1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін өз күшіне енді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 10 қыркүйегіндегі бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "KEGOC" АҚ жарияланған акцияларының шығарылымы 260 000 000 жай акцияға бөлінген, оған KZ1C34930012 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне А3493 номерімен енгізілген. "KEGOC" АҚ қаржылық кеңесшісі Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға KEGC қысқартылған (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратты KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kegc мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-11-03]