Информация/
Новости рынков и компаний
26 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында "Сентрас Секьюритиз" АҚ KZ1C00009562 (CSEC) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
/KASE, 26.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 26 қарашасынан бастап "Сентрас Секьюритиз" АҚ-ның KZ1C00009562 (KASE баламалы алаңы, "акциялар"секторы, CSEC) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 9) тармақшасына сәйкес KASE 2025 жылдың 28 қарашасына дейін бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында көрсетілген акцияларды бір акция үшін 2 898 теңге бағамен 120 432 данасын кері сатып алу туралы ақпаратты алуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2025-11-26]