14 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00013472 (CCBNb37) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

13.03.25 16:32
/KASE, 13.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 14 наурызынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00013472 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, CCBNb37; $10 000, $50,0 млн; 28.02.25 - 25.11.25; 30/360) дисконттық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/ru/bonds/show/CCBNb37/ [2025-03-13]