/KASE, 12.03.25/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері –
KMGZ) KASE-ге былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
Осымен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
ҚМГ ҰК) "Қазақстан қор биржасы" АҚ бағалы қағаздарға рұқсат беру
бастамашыларының ақпаратты ашу қағидаларының 1 қосымшасының
2 кестесінің 13 тармағына және Астана халықаралық биржасының ақпаратты
ашу қағидаларының 1 кестесінің 4.3 тармағына сәйкес, 2025 жылғы
7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, ҚМГ ҰК және
"Болашақ Оперейтинг" ЖШС арасында Маңғыстау облысында орналасқан
"Болашақ" жер қойнауы учаскесінде кешенді жобаны жүзеге асыруға арналған
көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қол
қойылғаны туралы хабарлайды.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_110325_kz.pdf
Орыс тіліндегі ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_contracts_minerals_070325_2075.pdf
Ағылшын тіліндегі ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_110325_en.pdf
[2025-03-12]