/KASE, 11.03.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың
13 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
(МЕУКАМ) KZKD00000373 (MUM012_0160) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 87,5352 % (кірістілік –
жылдық 15,75 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 19 839 041 100 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың
87,8766 % құрады (кірістілік – жылдық 15,26 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 наурызда болатын
және өтелгенге дейінгі мерзімі 332 күн МЕУКАМ KZKD00000373
(MUM012_0160) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/ru/news/show/1538732/
[2025-03-11]