/KACC, 11.03.25/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Нарықтық тәуекелдер
жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылдың 13 наурызынан бастап
жартылай қамтамасыз етумен жасалатын мәмілелер бойынша
міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қор нарығының қаржы
құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) мынадай облигациялар
енгізіледі:
1) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ XS2917067204 (KASE негізгі алаңы,
"облигациялар" санаты, BRKZe16);
2) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00010304 (KASE
негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb9);
3) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00012698 (KASE
негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb17);
4) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00012987 (KASE
негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb18);
5) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ KZ2C00012482 (KASE негізгі алаңы,
"облигациялар" санаты, HSBKb22);
6) Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00009222 ("халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb42).
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу
тәртібі
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf сілтемесі
бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған.
[2025-03-11]