/KASE, 07.03.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) 2025 жылдың
20 наурызына белгіленген акционерлердің жылдық жалпы жиналысының
өткізілу күнін 2025 жылдың 29 сәуіріне ауыстыру туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) банктің 2024 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
2) банктің 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы,
банктің бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері туралы;
3) банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылындағы есебі туралы;
4) акционерлердің банктің және оның лауазымды тұлғаларының
әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы;
5) 2024 жылы банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне
берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы;
6) банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін
анықтау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ банктің Директорлар кеңесі
мүшелерінің сыйақыларының мөлшерін анықтау туралы;
7) "ForteBank" АҚ Корпоративтік басқару кодексіне № 4 түзетулерді бекіту
туралы.
Жиналысты өткізу туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_070325_1.pdf
[2025-03-07]