/KASE, 06.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
07 наурызынан бастап "Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық
компаниясы" АҚ (Астана) келесі облигацияларымен KASE-де сауда-саттық
ашылатынын хабарлайды:
1) KZ2C00008464 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, PRKRb7;
1 000 теңге, 20,00 млрд теңге; 07.02.25 – 07.08.26; тоқсандық купон,
жылдық 18,00 %; 30/360);
2) KZ2C00010023 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, PRKRb9;
1 000 теңге, 40,0 млрд теңге, 07.02.25 – 07.08.26; тоқсандық купон,
жылдық 18,00 %; 30/360).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/PRKR/
[2025-03-06]